👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  30.10.2021
  44


Автор: Серік Сағынтай

Қырық жыл өткен соң оқылатын өлең

Қараман шал —
Елеңдеп ертелі-кеш даланы аңсар.
Қаладағы халыққа жаны ауырған
Жағадағы балықтай шалажансар.
Қара көкем,
Жарасып жақын болдық алабөтен.
Сіздің көңіл теңіз ғой тебіренген,
Біздің пейіл шабытты шағала екен.
Мына қала,
Құмды құша қалғыған құба дала.
Талай сырын өмірдің сізге ұсынған,
Соны айту тиген-ау сыбағаға.
Маған дәйім шертесіз соның көбін,
Қопарылмай тереңге көмілгенін.
Жан-дүниеңіз — даланың дарқандығын,
Әңгімеңіз аңқытар қоңыр желін.
Мұны ұғып жатқан жоқ ешкім бірақ,
Көкке сіңіп барады көш бұлдырап.
Шіренген дүр елемей қара шалды,
Біреулер жүр менсінбей төсті ұрғылап.
Қарекем-ай,
Қараменде, Сана би, Әнет, Абай,
Бабаларым бастаған көшке ердік,
Алдымызда асу тұр және талай.
Қараман сал,
Ертелі-кеш елеңдеп даланы аңсар...

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы