Өлеңдер ✍️

  29.10.2021
  151


Автор: Серік Сағынтай

Шатырша

«Жата алмас ем, топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай тасың болсам мен егер...»
Қасым.
«Шатырша айға салады айдалада...»
Ақсұңқарұлы.

Шатырша...
Жапан түзде жауын қырған батырша,
Қажып-талып, мұнартып тұр, қайтейін,
соны көрген жүрегімді, аһ ұрса.
Шатырша...
Қаламсабы сынып қалған ақынша,
Шөге түсіп, томсырайып жатады,
Селк етерміз бір күні ол ақырса.
Шатырша...
Жанартау боп жүрегіміз атылса,
Сен туралы аңыз айта алмаспыз,
Ойран болған ойымызды сапырса?!
Шатырша...
Шалғайыңды Тоқырауынға матырса,
Дір-дір қағып тоңады ма екенсің,
Қаңтар ұрып, қабағыңды қатырса?
Шатырша...
Жаным жылар түйір тасың сатылса,
Тірлігімді тәмәм қылып ақынша,
Тасың болып жатар ма едім
...шақырса?!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу