Өлеңдер ✍️

  29.10.2021
  124


Автор: Серік Сағынтай

Шылым. Шылбыр өзені

Талқан ғып ойды тірлік елеңі,
Қос қолда тұрмыс кісені.
Бегазы...
Шылым...
Шылбыр өзені –
Есіме жиі түседі.
Көкжиек – қатпар-қатпарлы қырат,
Жақпарлы кезең, құба тау.
Тіршілік – бара жатқан зымырап,
Арғымақ сынды шу асау.
Тұлпарлар сынды таулар да мына,
Заулаған оқтай тізіліп.
Шабандоз уақыт аңғармады ма,
Шылбырын қалған үзіліп?!
Ада боп бойдан уайым-зымыстан,
Заулармын мен де бір күні.
Қу тіршіліктің мойынды қысқан,
Шешілсе болды шылбыры...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу