Өлеңдер ✍️

  26.10.2021
  2949


Автор: Жібек Ысқақова

Үйлену тойға тілек (жас жұбайлар)

Үй ішінен үй тігіп, отау құрып,
Жас жұбайлар жаңа өмірге басты қадам.
Жаңа өмірдің есігін бірге аштың,
Жас жұбайлар бірге боп, артсын бағаң.

Құрып жатқан отауларың берік болсын,
Бақыт құсы үйлеріңе келіп қонсын.
Құтты болып бұл заңды некелерің,
Жас отауға шатық, бақыт келіп, толсын.

Бір жүзіңдер қос аққудай көк айдында,
Салынбаңдар ғашықтар қайғы-мұңға.
Қуаныш пен жалғасып шаттық әуен,
Тойларыңыз ұлассын тойдан тойға...

Бесік той мен жалғасып сүндет тойлар,
Бақыттарың толықсын жас жұбайлар.
Қанаттарың талмасын, бірге самға,
Биікке өрле, сыйластықта жас жұбайлар!








Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу