Өлеңдер ✍️

  26.10.2021
  4238


Автор: Жібек Ысқақова

Мектеп директорына туған күнге тілек

Ұжымды бастап жүретін,
Директоры мектептің.
Қыр-сырын нақты білетін,
Директор бұл мектептің.

Әділдікті жақтайтын,
Ақшаға арын сатпайтын.
Басшысы бұл мектептің,
Ел үмітін ақтайтын.

Құтты болсын басшы ағай(апай)
Бүгінгі туған күніңіз.
Қуанышта, шаттықта,
Өте берсін күніңіз.

Тілейміз ұжым атынан,
Жақсылықтың ақ таңын.
Шын жүректен арнаймыз,
Туған күннің тәтті әнін.

Мектебіміз жандансын,
Алдыңғы шығып орынға.
Амандық болсын тек ағай,(апай)
Кездесіп мектеп жолында.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу