Өлеңдер ✍️

  26.10.2021
  3251


Автор: Жібек Ысқақова

Нағашы, туған күнге тілек

Нағашы, туған күніңмен,
Құттықтаймын өзіңді.
Мен сізді мықты деп білем,
Суыққа тоңбас төзімді.

Сізге қарап бой түзеп,
Сізге қарап ой түзеп.
Адымдап алға келемін,
Өзіңізге қып ізет.

Жаңа жасыңыз сыйласын,
Арайлы таң шапағын.
Сәттіліктер жинасын,
Жеңімпаздық қатарын.

Нағашы жүз жасаңыз,
Еңбегіңіз ақталып.
Санамызда тұрады,
Әр сөзіңіз жатталып.

Болшы аман нағашым,
Өзіңсіз жан ең асыл.
Жасты жалғап бір жасқа,
Нағашы жаса бір ғасыр..












Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу