Өлеңдер ✍️

  26.10.2021
  2606


Автор: Жібек Ысқақова

Әпке, туған күніңмен!

Ай нұрынан жаралған жаным әпкем,
Жана берсін әрқашан бағың әпкем.
Қандай жағдай болмасын бұл өмірде,
Сынбасыншы ешқашан сағың әпкем.

Құтты болсын туған күнің бүгінгі,
Тарту етем өлең атты гүлімді.
Жаңа жасың қуанышын сыйласын,
Көтеріңкі етіп көңіл-күйіңді.

Жанарларың күлімдесін, жайнасын,
Жаным әпкем басыңнан бақ таймасын.
Гүл өмірің бүрін жарып, тамырлап,
Гүл бағыңда бұлбұл құсың сайрасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу