Өлеңдер ✍️

  26.10.2021
  931


Автор: Жібек Ысқақова

Аға, туған күніңмен!

Асқар таудай тірегіміз,
Алға бастар түлегіміз.
Аға туған күнің бүгін,
Құтты болсын, тілеріміз!

Аға аспаның ашық болсын,
Қиындықтар қашық болсын.
Бар жақсылық, қуаныштар,
Бір өзіңе асық болсын.

Бақ әкелсін жаңа жасың,
Дәмді болып ішер асың.
Алла өзі жар боп саған,
Болсын аға аман басың.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу