Өлеңдер ✍️

  26.10.2021
  839


Автор: Жібек Ысқақова

Әкетай, туған күніңмен!

Асқар таудай жан әке,
Сөздері шекер, бал әке.
Туған күнің бүгінгі,
Құтты болсын ән әке.
Күліп-ойнап жүрші аман,
Қасымызда сен әке.
Өзің барда әрқашан,
Бұл дүние кең әке.

Туған күнде жарқырап,
Ағын судай арқырап.
Әр нәрсені талқылап,
Амандықта бол, әке!

Жастан жасқа жетіп сен,
Көңілдің күйін шертіп сен.
Немерені ертіп сен,
Амандықта бол, әке!

Жүз жасаңыз бірге боп,
Ең бақытты күйде боп.
Жаздай жайнап, үйде боп,
Амандықта бол, әке!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу