Өлеңдер ✍️

  26.10.2021
  972


Автор: Жібек Ысқақова

Ата, туған күніңмен!

Адалдық жолын ұстанған,
Жүрегі кең аташым.
Қай жерлерде жүрседе,
Беретін ақ батасын.

Мінезі жаздың күніндей,
Күлімдеп бізге қарайды.
Кішіпейіл жан ізгі,
Атамнан шуақ тарайды.

Туған күнің келді ата,
Құтты болсын демекпін.
Ортамызда жүрші аман,
Аташым бізге керексің.

Жүз жасаңыз аташым,
Денсаулығың мықты боп.
Әулетіміздің басы өзің,
Тұрасың әркез керек боп!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу