Өлеңдер ✍️

  26.10.2021
  1280


Автор: Жібек Ысқақова

Ағайын аман болыңдар!

Туған-туыс бауырлар,
Ауылда туған қауым бар.
Нағашы-жиен тағы бар,
Барлығың аман болыңдар.

Аға-іні, әпкелер,
Жақсылыққа жетелер.
Әке-ана, көкелер,
Мерейімді көтерер.
Сіздер барда біздер бар,
Өздеріңе еркелер.

Аман болшы барлығың,
Ағайын, туыс, бауырлар.
Басыңды бұлт шалмасын,
Туысқандар, қауымдар!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу