Өлеңдер ✍️

  26.10.2021
  348


Автор: Жібек Ысқақова

Ағайынға туған күнге тілек

Амандықты тілейтін,
Аман жүрші ағайын,
Ақ тілекті жаудырып,
Шамнан шырақ жағайын.
Қуанышта бірге боп,
Әсем әнге салайын.
Өлеңдетіп, жырлатып,
Көңіліңді табайын.

Дендеріңіз сау болсын,
Бар жақсылық орналып.
Шуақты атар таң болсын,
Қуаныштар жалғанып.

Ағайын барда көңіл жай,
Жайма шуақ орнайтын.
Ағайындар жасай бер,
Үзілген жіпті жалғайтын.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу