26.10.2021
  277


Автор: Керімсал Жұбатқанов

Моргенште́рн Жеңіс күнінен бас тартуға шақырды

Ресейлік рэпер Моргенште́рн (Алишер Валеев) Ксения Собчакқа берген сұхбатында 9 мамырда Жеңіс күнін тойлауды мағынасыз деп санайтынын айтты. Олар әйгілі блогердің кеңестік «Журавли» әнін шырқайтын бейнебаянды талқылады. Собчак өзін патриот санайтынын, бірақ Моргенштерннің сөзі дөрекі екенін атап өтті.


Бұған жауап ретінде Моргенштерн 76 жыл бұрын болған Жеңіс күнінің мәнін түсінбейтінін айтты. Бұған жыл сайын миллиондаған қаржы жұмсалады. Моргенштерн көптеген ресейлік әртістер мемлекеттік тапсырыстарды қабылдайтынын және кеңестік әндерді өз стилінде орындайтынын баса айтты. Мысал ретінде ол әскери костюм киіп, «Журавли» әнін орындаған рэпер Даваны келтірді.


«Бұл, мүмкін, қандай да бір бекіткіштер (орысша – скрепы) , мен түсінбеймін. Бірақ, мақтанатын ештеңе жоқ», - деді Моргенште́рн. Ресей бұрынғы жетістіктерді атап өтпей, алға жылжып, жаңа табыстарға жетуі керек екен.


«Ақпараттық технологиядағы жеңістер, ғарыштық технологиядағы жеңістер - сондайларды тойлау керек», - деді Моргенштерн. Моргенште́рн қазіргі Ресейде 70 жылдан астам уақыт бұрын болған оқиғаны тойлап жатқанына өкініш білдірді. Сондай-ақ ол Жеңіс күніне арналған бейнебаянға түспейтінін, өйткені бұл өзіне опасыздық болатынын мойындады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу