26.10.2021
  521


Автор: Ринат Зайытов

Ринат Зайытовтың Жаңа Жыл туралы айтқаны.

Жаңа жылда маған ұнайтын бір нарсе — бір күн өтірік болсын адамдар бір-біріне жылы сөз айтады. Бір жыл бойы көрмей кеткен достарыңа қоңырау шалып, туыстар бір-бірін іздейді… Ал оның біздің қоғамға ешқандай зияны жоқ қой. Біз жаңа жылды Иса пайғамбардың туған күні деп тойламаймыз немесе шыршаға табынып жатқан ешкім жоқ. Ол тек соның символы ғана. Мысалы, «8-наурыз» деген ешқандай дінде жоқ мейрам бар. Бірақ сол мейрамның не жаманы бар? Күйеуі әйелін, баласы шешесін құттықтаса не зияны бар? Уәж айта берсек бүкіл мейрамнан бас тартуға тура келеді ғой. Сондықтан мейрамның қоғамға ешқандай кері әсері болмаса, тойлаудың еш әбестігі жоқ. Жаңа жылдың ары кетсе енді 10 жыл ғұмыры қалды. Сонымен өзі өшеді. Жылдан-жылға ақырын тойлау дәрежесі төмен кетіп бара жатыр. Бұл да ертең өзі ұмтылады. Соны шығарып салғанда да абыройымен шығарып салайық та, қарғамай-сілемей…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу