👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  26.10.2021
  48


Автор: Ринат Зайытов

Қазақтың несібесі

Қазақтың несібесі Хақтан келген,
Жөн шығар ақиқаттан ақпар берген.
Кешегі “Ұлан қайыр” жерің қайда?
“Ұлысым” деп ұлтымыз мақтан көрген.

Кесіп тұрып Қытайға бере салдық,
Саяси қулықпенен қақпан керген.
Ол аз болса Орысқа да бөліп бердік,
Қаншама шұрайлы жер мақпал белден.

Жүрген жоқпын біреудің мінін аңдып,
Бірақ, жерді сақтап қалу — Ұлы нарлық.
Ол рас, біз тағдырдың айдауымен,
Жетпіс жыл КомПартия тілін алдық.

Ойпырмай, “Құдай жоқ” деп көкідік те,
“Маймылдан жаралдық” деп білім алдық.
Солай білім алғанның кесірінен,
Қаптап жүр, шала қазақ, тірі мәңгүрт.

Ал енді “Тәуелсіздік алдық” деп ек,
Жағдайымыз болған жоқ жылынарлық.
Кеңестер Одағынан құтылып ек,
Кедендік Одаққа енді кіріп алдық.

Ашып айтсақ, Қазақтың шекарасын,
Біз “Проходной двор” қылып алдық.
“Апыр-ай, Қазақ қалай жасады екен?”,
Деп толғанам, “Осындай қылық албырт”.
Аяғымыз әрең шыққан қақпанға кеп,
Айналып, басымызды тығып алдық...

Көріп тұрып осыны аңғармаймыз,
Бостандыққа оңай жолмен барғандаймыз.
Орысқа құл болуды тоқтатпасақ,
Ешқашан жаңғырмаймыз, жанданбаймыз.

Жириновский оттаса “Жабайы” деп,
Бұған да біреуіміз шамданбаймыз.
Жетпіс пайыз Қазақ боп тұрсақ-тағы,
Қазақ тілде сөйлеуге қамданбаймыз.

Алматыда 80 орыс, 60 қазақ,
Мектебі бар, оған да арланбаймыз.
Петропавл, Павлодар қаласының,
“Қазақша аты бар ма?” деп армандаймыз!

Біз осы бостандықты орыстардан,
Уақытша ойнай тұруға алғандаймыз.
Бүйте берсек бір күні “Нұр Отан” да
“Путь Отан” болып кетсе, таң қалмаймыз!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы