Өлеңдер ✍️

  26.10.2021
  319


Автор: Ринат Зайытов

Заң

Жақында бір заң шықты сұры жаман,
Қылатын болашақты, сірә, да елес.
Үш тілді қатар білсін дейтіндер бар,
Болып тұр біздер үшін бұ да белес.
Қалжырап жатса-дағы қазақ тілі,
Тоқпағы жоғарының тынар емес.
Туа сап жаттайтындай жаны қалмай,
Ағылшын,орыс тілі Құран емес.
Бірнеше тіл сыйғызар бір ауызға,
Қазақтар қара шұбар жылан емес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу