25.10.2021
  628


Бесік жыры, жұбату

Жылама, бөпем, жылама,
Жылағанмен бола ма?
Жылама, бөпем, жылама,
Анашыңды қинама.

Анаң сүйер "алмам" деп,
Иісің тәтті балдан деп.
Қолыңа берем сылдырмақ,
Сылдырлат та алдан деп.

Әкең сүйер "алмам" деп,
Атаң сүйер "балжан" деп.
Сен тұрғанда балдай боп,
Балды аузыма салман деп.

Апаң сүйер "қарғам" деп,
Осы емес пе ед арман деп.
Етің қызыл алмадай,
Бетің аппақ қардан деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу