Өлеңдер ✍️

  25.10.2021
  3451


Автор: Жібек Ысқақова

37-жас, үшінші мүшел (күйеу туған күнге тілек)

Асқар таудай әкелері ұл-қызымның,
Көңіліме қуаныш, шаттық берер.
Бүгін сенің жанжарым туған күнің,
Бар жақсысын өзіңе алып келер.

Ерекше күн бүгін міне, мүшел жасың,
Үшінші мүшел жасына бастың қадам,
Үшінші мүшел қуанышын әкелсін тек,
Тәнті болып өзіңе әрбір адам.

Жастан жасқа асыл жарым жете берші,
Жаңа жасың қуанышын сыйлап саған.
Асулардан жанжарым өте берші,
Алла жар боп бақытын жинап саған...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу