Өлеңдер ✍️

  25.10.2021
  1719


Автор: Жібек Ысқақова

30-жас досыма туған күнге тілек

Отыз жасқа толып жатсың бүгін досты,
Келді міне шағың бұл орда бұзар.
Әке болдың қамқор болар, асқар таудай,
Балалықтың бал дәмі алысқа ұзар.

Қанаттарык достым-ау талмасын еш,
Армандарың орындалсын, болмасын кеш.
Отбасың мен бала-шағаң аман болып,
Қиындыққа ұрынба өмірде еш.

Бұл отыз жас бар жақсысын берсін саған,
Жар боп саған бауырым Раббым Аллам.
Әрбір жасқа амандықта жете бергін,
Бақыт, шаттық достым-ау күтіп алдан.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу