Өлеңдер ✍️

  24.10.2021
  1435


Автор: Жібек Ысқақова

37-жас, қыз-келіншектерге

Өмір деген бірде тәтті, бірде ащы,
Сол өмірден шынайы бақыт тапшы.
Отыз жеті мүшел жасың құтты болсын,
Әрқашанда гүлдей жайнап, күлім қақшы.

Жастан жасқа амандықта жете берші,
Бар бақытын сыйлап саған бұл мерекең,
Көңіліңнің күйі жайнап тербей берсін,
Артып күнде шаттығың мен бұл берекең.

Бар жақсысын сыйласын гүлді көктем,
Бұл өмірдің қасиетін құнды еткен.
Ән жырына бөлесін шаттығына,
Үшінші мүшел жасың бұл келіп жеткен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу