Өлеңдер ✍️

  24.10.2021
  2580


Автор: Жібек Ысқақова

Құрбым, 30 жасың құтты болсын!

Туған күнің бүгінгі құтты болсын,
Жаны жайсаң жан құрбым гүл жайнаған,
Барша адамды өзіне баурап алар,
Жанарында шаттық пен нұр ойнаған.

Отыз жасқа толып жатсың бүгін міне,
Құтты болсын басқан әр қадамдарың.
Күлімдесін құрбыжан, мұңаймасын,
Бақытқа толы жайнаған жанарларың.

Аман болсын отбасың, жақындарың,
Гүлдей жайнап құрбыжан жасыл бағың.
Қуанышың, шаттығың ортаймасын,
Арайлы да шырайлы аиып таңың.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу