Өлеңдер ✍️

  24.10.2021
  4268


Автор: Жібек Ысқақова

30-жас, қызыма туған күнге тілек

Отыз жасқа аяқ бастың гүлім менің,
Құтты болсын бүгінгі туған күнің.
Жарқырасын жұлдызың күлім қағып,
Сәттілікте жалғасып әрбір күнің.

Құлпыра бер жан қызым гүл көктемдей,
Айналаны самал жел тербеткендей.
Қуанышын сыйлай берсін отыз жасың,
Биіктерге жетелесін өрлеткендей.

Арманың мен мақсатың орындалсын,
Сәттіліктер жүрісінен жаңылмасын.
Алла өзі жар болып қызым саған,
Жақсылықты өзіңе беп қабылдасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу