Өлеңдер ✍️

  23.10.2021
  3131


ЖАН АҒА (қарындастың ағаға тілегі)

Жан Аға,Өміріңнің өріндесің,
Қарындас көңілінің төріндесің.
Сылдырап Ақ қайнардан,
Аққан бұлақ,
Тағдырдың сындарында жеңілмесін.
Келеміз қиялардан күн кешіп,
Бауырлық бал сезіммен үндесіп.
Жақсы "Аға"күнде шуақ жағар жанға,
Мерейім өсіп тұрар АҒАМ БАРДА.
Жасыңнан жақсылыққа құштар едің,
Келесің жарық сыйлап адамдарға.
Ағаға Ақ тілегім ақтарылсын,
Әкеге тұрпатыңмен тартқан ұлсың.
Қарашы баба рухы қолдап әркез,
Ордаңа қыдыр қонып,бақ дарысын.
Шашамын жан нұрымды жарқылдатып,
Тілеймін саған әркез Жарқын бақыт.
Ағаға арнап қарындас Махаббатын!!
Жүремін жүрегімді мен тулатып.
Әрдайым Алатаудай аңсап жүрем,
Атыңды әрдайім жырға қосып.
Жаныңа титтей кіршік түспесін деп,
Жан Аға,періштеңдей қорғап жүрем!!
Арнагүл-аялдаған асыл жарың!!
Қол ұстасып аттандың,
Өмірдің бал Шағына.
Қайда деп Қарындасың іздегенде,
Мен де әр кез,Асыл АҒА ҚАСЫНДАМЫН...)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу