Өлеңдер ✍️

  22.10.2021
  2684


Автор: Жібек Ысқақова

25-жас туған күнге тілек, қызым!

Қызғалдақтай құлпырған жаным қызым,
Жарқыраған, жайнаған сен жұлдызым.
Екінші мүшел есік ашып төрге еніп,
Жиырма беске толып жатсың бүгін қызым.

Жиырма бесің — шаттығына бөлей берсін,
Жиырма бесің — бақытына теңей берсін.
Ай нұрынан жаралған қызым менің,
Бар жақсысын сыйлай түссін — жиырма бесің.

Қуандырсын жан қызым жаңа жасың,
Болсын жаным қашанда аман басың.
Мүшел жастан жете бер мүшел жасқа,
Ұзақ болып жан қызым өмір жасың!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу