👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  22.10.2021
  98


Автор: Жібек Ысқақова

Қызым, 20 жасың құтты болсын!

Жиырма жасқа толып жатқан қызым менің,
Жарқырасын, жайнасын жүзің сенің.
Міне сенде бойжетіп қалыпсың-ау,
Көктемдейін құлпырған гүлім менің.

Аппақ гүлім, жан қызым, балапаным,
Жиырма жасың шаттығына бөлей түссін.
Бар жақсылық орналып, қуаныштар,
Жиырма жасың қиын сәтте демей түссін.

Мол бақытын сыйлай түссін гүлді көктем,
Таң шапағы күлімдесін нұрын төккен.
Айналайын жан қызым еркелеген,
Жан дүниеме шынайы нұрын сепкен.

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы