Өлеңдер ✍️

  21.10.2021
  2660


Автор: Жібек Ысқақова

30-жас туған күнің құтты болсын!

Орда бұзар отыз жасың келді міне,
Құтты болсын бүгінгі туған күнің.
Жаңа жасың бақытқа бөлей берсін,
Қуанышта, шаттықта шығып үнің.

Сәттілігін жалғай берсін атар таңың,
Сыйлап саған қашанда өмір балын.
Амандықта, саулықта жасай бергін,
Төрт бес есе тойлап өмір отыздарын.

Биіктерің көп болсын сен шығатын,
Асуларың бағынып дегеніңе.
Бар жақсылық орнасын тілейтінім,
Жетсең-дағы талай жастың кемеліне!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу