Өлеңдер ✍️

  21.10.2021
  1318


Автор: Жібек Ысқақова

20 жас туған күнге тілек

20 жасың құтты болсын! 

Жиырма жастың түндігін ашып жатсың,
Оң аяқпен әрбір жолын басып жатсың.
Құтты болсын бүгінгі туған күнің,
Жасай бергін тағы бесін осы жастың.

Ашық болсын аспаның, күн күлімдеп,
Күннен арай,  нұры мен шапақ тарай.
Алла өзі жар болып,  қолдап,  қорғап,
Жетелесін өзіңді алға қарай.

Орындалсын арманың мен мақсаттарың,
Шыға берсін лайым жақсы аттарың.
Жиырма жасың шаттығын алып келсін,
Күлім қағып оятып әр ақ таңың.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу