Баталар ✍️

  18.10.2021
  269


Ораза айтқа бата

Он сегіз мың ғаламды Жаратушы бір Аллаһ.
Әуелі Аллаһым бір Аллаһ.
Тілегімді қабыл ет.
Ісімді Аллаһ қолдасын Періште болсын жолдасың.
Батамыз біздің пәк болсын.
Жанұяңа бақ қонсын.
Дастарханың асқа толсын.
Мың бір атты пәледен Аллаһ сақта.
Жүз бір атты қатерден сақта.
Тілдінің тілінен сақта Көздінің көзінен сақта.
Кезенгеннің кезінен сақта
Жер бетіндегі пәле-жаланың Бәрінен Аллаһ сақта.
Бақ қонсын, береке келсін,
Өшпес дәулет орнасын.
Үйдегіні үйде сақта Аллаһ Түздегіні түзде сақта Аллаһ Айдан аман ет.
Жылдан есен ет.
Жаратушы жан Ием Әрқашанда сізді сақ қылып
Кедергі мен кеселден
Бір Аллаһ сізді пәк қылып
Ниетіңді адал, пейіліңді ақ етсін.
Мен бердім бата Қабыл етсін бір Аллаһ!
Әумин! Аллаһу Әкбар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу