Баталар ✍️

  18.10.2021
  701


Ораза айтқа бата

Адам жаласынан,
Бұлт аласынан,
Көрінер-көрінбес
Мың да бір пәлесінен Құдайым Өзі сақтасын!
Мұсылманға дін үйреткен,
Алымдардың саламаттығына!
Халық қамын жеген,
Қарқарадай хандардың Саламаттығына!
Ел қамын жеген, Едігедей билердің Саламаттығына!
Өз еңбегін өзі жеген,
«Құдая шүкір, тәубе», деген Қара бұқара халықтың саламаттығына!
Ілгері бастырамын деген,
Еңіреген ерлердің саламаттығына!
Қой орнына ат берген,
Атымтайдай жомарттың саламаттығына!
Молдаларға қол берген,
Көрпе салып төр берген,
Уызы арылмаған байлардың Саламаттығына!
Халқы, халайығы қостаған,
Орнықты саба ұстаған,
Бәйбішелер саламаттығына!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу