Баталар ✍️

  18.10.2021
  1092


Жарапазанға бата

Шіркіннің баласының сабазын-ай,
Асырып алты қырдан айдап берді.
Ақ тауық, қызыл тауық қырман шашар,
Осы үйде бір жеңгем бар теңге шашар.
Теңгеңді төкпей-шашпай қолыма бер,
Артымда қу балдар бар ала қашар.
Айтамын жарапазан керегіңе,
Тілеймін шексіз тілек берекеңе.
Тіленсе шексіз тілек берекеңе,
Ілінер берекелер керегеңе.
Айтамшы жарапазан от басыңа,
Тілеймін денсаулық бас-басыңа.
Тілесем денсаулықты бас-басыңа
Амандық келеді әр уақыт от басыңа.
Айтамын жарапазан ауылыңа,
Мызғымас бірлік берсін қауымыңа.
Мызғыма бірлік берсе қауымыңа,
Бас имес кідер келіп ауылыңа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу