Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  121


Автор: Исраил Сапарбай

Айдынға аққу қонып, келедi қаз

Айдынға аққу қонып, келедi қаз...
Жағаның жасыл құрақ желегi мəз.
Заманның зауқы ма, əлде, мауқы ма, əлде,
Қасымда қайың көп те, терегiм аз...
Желегi жас қайыңның теңге сынды,
Желемiк желiк құмар жеңге сынды.
Қайыңды жалаңқабат қалқа десем,
Қалқаның екi көзi менде сынды.
Терегiң иiлмеске бел буғандай,
Желегiн желпiп, үзiп, жел қуғандай.
Арқаның алқабында өнiп-өскен
Қалқаның өң-келбетi өндiр қандай?!
Қайыңның мың бұралып мықын белi,
Майысып тұрғаныма шүкiр дедi.
Өрекпiп жел екпiнi күшейгенде,
Теректiң жон арқасы күтiрледi.
Тап келген Тəңiр тұстан сынақ қандай?!
Əзер тұр терек байғұс құлап қалмай.
...Тағдыры жазатайым жас қайыңның
Басында жанып тұрған шырақ бардай!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу