Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  116


Автор: Исраил Сапарбай

Келер ме бiр хабар деп ғашық жақтан

Келер ме бiр хабар деп ғашық жақтан
Бейбақпын бiр жүректiң нəшiн баққан.
Арасы жер мен көктiң албырап тұр
Кiрпiгiн арудайын ашып-жапқан.
Алыстан үнiң жеттi үзiлмелеп.
Кешегi керiмсалдан күзiм бөлек.
Қараймын жерде жатқан жапыраққа
Iлкiде жүрiп өткен iзiң бе деп.
Нəн қала.
Нəрсiз, өңсiз оңаша бақ.
Қайтейiн талшыбығын тамашалап.
Жалғыздық жанды жайлап бара жатыр,
Жаныма сен келмесең арашалап...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу