Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  107


Автор: Исраил Сапарбай

Жетектесiп жүргенде желмен масаң

Жетектесiп жүргенде желмен масаң,
Кiм оқиды жырымды, сен болмасаң?
Жаңа туған құлындай шатқаяқтап,
Шашбау таққан шалғынды белден басам.
Əншейiнде мен едiм қоңыр қозың,
Əуейi ғып жiбердiң өмiрге өзiң.
Жанарыңмен жарылқап тұрғаныңда,
Аспанға ұқсап кетедi сенiң көзiң.
Тұнық аспан,
Мөлдiр көк,
Шөкiм бұлт...
Көкжиектiң қойғандай шетiн бүрiп.
Шыбын жанның шырқы үшiн шырылдайды
Бозаңдағы Бозторғай секiлдi үмiт...
...Жасын сығып алғанша жастау Елiк,
Буға айналды шалғынның шашбауы ерiп.
Шаңқай түске шамалап қалыпты-ау күн,
Шатқаяқтап тұрғанша мастау ерiк...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу