Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  353


Автор: Исраил Сапарбай

Бұлт маңады тау жаққа көктен көлбей

Бұлт маңады тау жаққа көктен көлбей,
Өрекпидi өзен де өткел бермей.
Уақыт шiркiн барады қайда асығып,
Су бетiмен жүгiрiп өткен желдей?..
Шөмелелер шөмиiп қырқадағы,
Етек-жеңiн көкжиек қымтанады.
Ұзатылған мұңлықтай жер түбiне
Жұлдыздардың көзiнен мұң тамады.
Көкте ме, əлде, жерде ме?
Айым қайда?
Жаңғырығым жапанға жайылмай ма?!
Əрi қарай тiзiлiп қайтқан құсты
Берi қарай құдайым қайырмай ма?..





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу