18.10.2021
  13932


Автор: 18+ жас

Қайынатам ұятсыз кино көреді

«Ноутбукты ашып қалсам... Мүмкін, атамды тез арада үйлендіру керек пе?!»

Қайынатасының үйде ішкиіммен жүретінін айтқан келіншектің оқиғасынан соң редакцияның поштасына хат жазып, өз сырларымен бөліскен келіншектер аз болған жоқ. Олардың бірі кеңес сұраса, енді бірі өз мәселесін ешкімге айта алмай көпшілікпен бөліскісі келетінін жазған болатын.

Сондай жағдайлардан ыңғайсыздыққа тап болып жүргендердің бірі шымкенттік келіншек Жансу (есімі өзгертілді). Ол тілшіге айтып берген оқиғасында қайынатасымен бірге үйінде қалуға қорқатынын жеткізді.

- Қайынатам жақсы адам, білімді, қызметте болған. Артық әңгімесі, оғаш қылығын көрген емес едім. Бірақ соңғы кездегі іс-әрекеті көңіліме қонбай жүр, - деген ол атасын бірнеше рет «ұстап алғанын» айтып берді.

Келіншектің айтуынша, қайынатасы эротикалық фильмдерді жиі көретін болған.

- Ең алғаш рет байқағаным, үйдегі ноутбуктен кино ашық тұрған парақшаны жабуды ұмытып кетіпті. Теледидардың астындағы сөреде тұратын оны отбасымызбен пайдалана беретінбіз. Жұмысыма қажет болып ашсам, фильм орта белінен тоқтап тұр екен. Бетіндегі суретті көріністен не істерімді білмей ыңғайсызданып жаба салдым. Әйел мен еркектің төсек үстінде жалаңаш жатқанын көріп ешкім байқамады деп жан-жағыма алақтап барып есімді жидым. Оны алтыншы сыныпқа өткен үлкен ұлым көрді деп ойладым. Басқа ешкім ойыма келмеді. Тіпті, күдігім де болған жоқ.

Балама ұрсып, сосын әкесіне айттым. Ол «мен емес» дейді, біз сенбедік. Сөйтсек, қайынатам екен... Оны да мен кездейсоқ біліп қалдым.

Бірде жұмыстан мазам болмай ертерек келдім. Балалар сабақта, күйеуім жұмыста, үйде тек атам ғана бар еді. Үйге кіріп асүйден су іштім де, бөлмеме барып жатайын деп өтіп бара жатып атамның бөлмесінен ыңғайсыз дыбыстар естідім. Басында біреу жылап жатыр екен деп ойлағанмын, тоқтап барып тыңдасам өте ыңғайсыз...

Ұялғанымнан бөлмеме кіріп есікті тарс жаптым. Менің келгенімді сонда білді атам, сыртқа шығып кеткенін аяқ дыбысынан сездім. Содан кейін атама қарай алсамшы?! Ол да бақшада жүрді, мен де балалар келгенше бөлмемнен шыға алмадым...

Одан кейін де атамның сондай фильмдер көретінін бірнеше рет байқадым. Ноутбукты бөлмесіне алып кететінін, кейін сматфонынан да көретінін білдім. Іздеу тарихын өшіруді білмейді ғой, балам емес екеніне анық көзімді жеткізу үшін бірде әдейі атамнан ноутбукты сұрап алып көрдім. Күдігім рас болып шықты.

Бірақ күйеуіме айта алмай жүрмін. «Үйде келін-бала бар, ыңғайсыз ғой» деп ескертіп қойса мүмкін, тыйылар. Бірақ «әкең сондай кино көріп жүр» деп қалай айтам?!

Егер енем тірі болғанда мұндай болмас еді. Бәрінің жайын жасап, кімнің не істеуі керектігіне дейін алдын ала жоспарлап, ақылын айтып отыратын кісі мен келін боп түскен соң бес жылдан кейін қайтыс болған. Содан да болар атамның ессіз іспен айналысып жүргені.

Бәлкім, атамды үйлендірсек пе екен. Бірақ енемның жылдық асын берген соң балалары жиналып атамызға рұқсат берген. Атамның өзі қаламады, «ендігі жерде сендердің алдарыңда кетсем болды» деп.Мүмкін, сонысына өкініп жүр ме екен бізге айтуға ұялып? Қанша дегенмен ер кісі, кім біледі? Әйелдің орны бөлек қой олар үшін.

Қазір атаммен үйде қалып кетуге ыңғайсызданамын. Түрлі нәрсені естисің, теледидардан да көрсетіп жатады. Адамның көңіліне күдік те кіреді екен. Жамандыққа қимаймын балаларымның атасын. Сонда да сол ұятсыз фильмдерден соң атама ойым өзгеріп қалғандай. Не болса да батылдық жасап күйеуіме айтсам деп жүрмін.

Сіздерден қайынатасының ішкиіммен жүретініне ыңғайсызданатын келіншек туралы оқығаннан кейін мен де өз проблемамды айтқым келді. Бәлкім, оқып жатқан қайынаталарға ой тастар, отбасында жаман әдеттен аулақ болар деген үмітім бар. Қанша дегенмен иба-ізет сақтаған халықпыз, сол қалпымызды бұзбағанымыз жөн емес пе? – деген келіншек көпшілікке ой салғысы келеді.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Кәрі атаның қотағын сормадынба порно көр
12

Пікір жазу