Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  119


Автор: Исраил Сапарбай

Екеумiз кездесiп ек қыстыгүнi

Екеумiз кездесiп ек қыстыгүнi,
Аяздың беттi қарып үскiрiгi.
Жылусыз содан берi жыл өтiптi,
Естiлмей Елтiнжалдан құстың үнi.
Екеумiз кездесiп ек тəттi үмiтпен,
Тұмшалап тəттi үмiттi ақ түбiтпен.
Мен сонда-ақ асты-үстiңе түскiм келген
Бағбандай балауса гүл, бақты күткен.
Қайтейiн, дидарыңа қанбасам да,
Көндiккем көргенiме анда-санда.
Серуендеп, сейiл құрып жүрмесем де,
Сезгенмiн сенде екенiн əн де, сəн де...
Бөлiсiп ортақ олжа – əрбiр сəттi,
Кеңiттiк /кеш те болса/ тар құрсақты.
...Кешегi жас желегi жамыраған
Талдырмаш тал, қайыңды қар құрсапты.
Тағы қар,
Талдың басы тағы қырау...
Өтмiштiң, байқағанға, бəрi мұң-ау.
Тапжылмай тас төбемде тұрып алар
Шiлденiң Күнi қайда, Тəңiрiм-ау?
Тағы қар,
Ақ қыраулы қаңтар, ақпан...
Алты ай қыс ауған бiлем Арқа жақтан?
...Қалқам-ау, өзiң қайда, сөзiң қайда
Өнбойға əн таратқан бал тамақтан?..



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу