Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  141


Автор: Исраил Сапарбай

Жаралдың қай асылдан?

Жаралдың қай асылдан?
Бiлгiм келер...
Күн бұлтта гүлдiң де өңi күлгiнденер.
Кеседей зəмзам суы мəймiлдеген
Көзiңнiң аясында жүргiм келер.
Қай құдай бiздiң жəйдi қабыл қылды?
Менiң де жаным жапа, халiм мұңлы.
Ұқсатып құс төресi – Гүлғұзарға,
Сен үшiн жаздым, жаным, «Сағындымды...».
Саздақтан сая таппай,
Сабыр бiлмей,
Сарғайды жазға жетпей жаным гүлдей...
Жүректi мұнша неге сыздатады
Сен айтқан «сағындым ғой,
сағындым ғой...»?
Тəттi əуен тағдырымның талшығы едi –
Көрiншi,
Көз аяңа алшы менi.
Баянын алғаш көрген Қозыдайын
Бұл жүрек бағзыда бiр шаншып едi...
Сол жүрек, қалғып кеткен, қайта оянды,
/Ахуалын ақынның кiм байқай алды?../
Жаныңа жалау етiп жүршi, жаным,
Мен жазған «Апырай» жыр,
«Айхой» əндi...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу