Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  126


Автор: Исраил Сапарбай

Сарқытындай сараңның

Сарқытындай сараңның
Тағдырыңа алаңмын.
Ерте туып, кеш көрсем,
Кiмге кiнə тағармын?
Еркеленiп Күн тауға,
Етек-жеңiн қымтауда...
Ерте де емес, кеш те емес,
Көргенiме мың тəуба.
Артық айтсам, кеш, күнiм:
Сенсiз өңсiз «бес күнiм»...
Перiштенiң аузынан
Пейiш үнiн естiдiм.
Ай астында өбiскен,
Күн астында керiскен –
Пейiш үнi дегенiм,
Сенiң үнiң, Перiштем.
Ерте демен, кеш демен,
Жұмбақ бар ма шешпеген?..
Менiң ессiз халiмдi
Ешкiм бастан кешпеген!..



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу