Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  93


Автор: Исраил Сапарбай

Мен бiр жылы ағыспын

Мен бiр жылы ағыспын,
Мəйiн, жұмсақ əуенмiн.
Əлiмсақтан таныспын
«Əлдиiмен» əлемнiң.
Əуенiмдi тыңдасаң,
Əуеге ұшып кетерсiң.
Өлеңiмдi тыңдасаң,
Өзiмдi iздеп кетерсiң.
Таба аларсың, таппассың,
Онда емес мəн-мағына.
Мəңгiлiкке батпас Күн,
Таң атады тағы да.
Сол баяғы жарық күн,
Сол баяғы «сұм жалған» –
Тасасында табыттың
Талшыбығы бүр жарған.
Əуен маған – ашына,
Өлең – өзiм сал керiм. ...
Табытымның басына
Тəжгүл қояр əлдекiм...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу