Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  103


Автор: Исраил Сапарбай

Күрсiнiп салдық

Күрсiнiп салдық...
Нелiктен, неге күрсiндiк?
Түбiне түннiң түсiп кеттi ме бiр Шындық?
Селк ете қалып нелiктен, неге қымсындық?
Елп ете қалып Елеске қолды ұмсындық.
Түбiнде түннiң тұншықса қайтем Шындығым?
Жындының кейпiн кешетiн, бəлкiм, күн бүгiн?
Ағарып таңым... ашылса екен түндiгiм,
Омалып барып оңалса екен тiрлiгiм.
Күрсiнiп салдық...
Жатыр ма екен iште мұң,
Еңiреп тұрып ернiмдi неге тiстедiм?
Су екен десем...
У ма едi ұрттап iшкенiм,
Апырай, Алла-ай, қандай бiр күйге түскемiн?
Не болып жатыр Адамда?
Мынау ғаламда?
Тайғанап кетсем табанға тiреу табам ба?
Тар жолда, əлде, тағдырым түсiп талауға,
Шындықпен бiрге жұтылып кете барам ба?..



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу