Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  260


Автор: Исраил Сапарбай

Арман шiркiн арман ба

Арман шiркiн арман ба,
Жар болмаса жаныңа?!
Сенсiз өңсiз жалғанда
Бар дейсiң қай мағына.
Сергелдеңiм сезiлмей,
Серiк еттiм сабырды.
Кiм түсiнер өзiңдей
Менiң мең-зең халiмдi.
Түстiм теңiз түбiне
Мойыныма тас байлап.
Көкейтестiм бүгiнде –
Басқа мекен, басқа аймақ...
Ақыр-тақыр тынармын
Ақабадай мен түбi.
Ажалды да құп алдым –
Азабымның төркiнi.
Көктен жұлдыз теретiн
Көңiлдiң жоқ серпiнi.
Көне сiңiр – көк етiм
Көрiнгеннiң жемтiгi.
Тағдырымды таныр кiм,
Бастан бағым ауғасын.
Тал түсiнде Тəңiрдiң
Дауға түстi сау басым.
Түбi шикi, дүдəмал
Тiршiлiкте не мəн бар?
Арылмаған күнəдан
Аужайымды сен аңғар.
Өзге жұрттың көзi – айна,
Ожданыңмен ойнайды.
Онсыз да өңi боз Айға
Қол созуын қоймайды...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу