Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  130


Автор: Исраил Сапарбай

Жолыңа қайта-қайта қарайладым

Жолыңа қайта-қайта қарайладым,
Татқыздың тəттi мұңның талай дəмiн...
Еркем-ау, ертегiнiң аруындай
Жүзiнен көрiнсеңшi шарайнаның.
Жел тұрса, жапырағы өлеңдетiп,
Қайыңға қарайлайды емен де тiк.
Семiрген қара суға көңiлiмдi
Қойдың ғой қара жолға елеңдетiп.
Бiлмеймiн, болдырдым ба, шаршадым ба,
Бақытқа кенелушi ем бар шағыңда.
Түнегiн түн жарымда бұзып шығып
Жүрегiм жер-жаһанға жар салуда.
Желбiреп көйлегiңнiң желге етегi
Кешiкпей, келiп кетсең нең кетедi?
Көңiлiң – мөлдiреген көл бетi едi,
Ерiнiң – елжiреген шербет едi...
Күрсiнiп ұясына Күн батты, əнi.
Маңайды келе жатыр түн жапқалы.
Жұбатар екем немен жүрегiмдi
Булыққан жас баладай құндақтағы?..



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу