👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  95


Автор: Дәркен Танабаев

АСАН ҚАЙҒЫ

Уа халайық, жиналдың ба тыңдауға,
Көңіл-күйім келе бермес тұрлауға.
Айтқаныма көңіл бөліп зейін қой,
Бірлігіңді келдім халқым жырлауға.
Пенделігі жанға батып даланың,
Ел тағдыры қалай болар алаңмын.
Қайнап тұрған аласапыран өмірді,
Қиындатып жүргендігі адамның.
Хан таппаса елдің күпті көңілін,
Зауал төніп айналады кері күн.
Жол таппаса жақсылыққа жеткізер,
Жоғалтады ең сенімді серігін.
Халқың сені әрқашанда тұтсын пір,
Ақиқаттың аппақ туын ұстап жүр.
Елің үшін аямағын өзіңді.
Бақталастар жаға алмайтын болсын кір.
Азаматын бұл даланың ірікте,
Жеңіс туы әрқашан да бірлікте.
Елі үшін жан беретін аз ба екен,
Ал оларсыз ісің бітпес тірлікте.
Халқым, тыңда әрбір күнің бастама,
Үлкен істі орта жолдан тастама.
Ал сендерсіз ісі өнбейді ешкімнің,
Қазығұртқа кім болады баспана.
Жырға қосып айттым ханды, қараны,
Ер батырды, ел қорғаған дараны.
Азаматтың мәртебесін көтердім,
Ойлайтұғын мына дархан даланы.
Еңбек екен бұл өмірде дұрысы,
Көзін тапса ол әркімнің ырысы.
Өнер-білім үйренуден жалықпай ,
Өніп жатса қандай жақсы ырысы.
Өмір деген икемдейді өзіне,
Уа, халайық құламайық тезіне.
Қиындықтан ешқашанда қашпайық,
Арты жеңіл болсын десең өзіңе.
Қазығұрттың гүлге толар қойнауы,
Берекенің болар құтты жайлауы.
Қабыл болсын өтінішім халқыма,
Асан айтқан осы сөздің байлауы.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы