Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  116


Автор: Дәркен Танабаев

Жалт етіп жайдай...

Жалт етіп жайдай жанарың,
Сезімді нәзік шарпыған.
Тоқтай қап саған қарадым,
Теңіздей жаным толқыған.
Кеудемде менің ойнаған,
Жайнаған таңның жұлдызы.
Еркімді жіпсіз байлаған,
Іңкәрмін саған қыр қызы.
Періште көркің санамда,
Аңсайды жүрек асылын.
Өртедің мені табанда,
Ғайыптан келген ғашығым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу