Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  318


Автор: Дәркен Танабаев

ҚАЗАҚ ЕЛІ

Тағдырдың басқа салған сындарынан,
Күй кештің отқа жанып, мұз қарыған.
Дауыл төнсе қалтарыстан,
Саңылақтарым арпалысқан.
Бұлты аунап Қаратаудың құздарынан.
Ерлігін жырға қосып заманыңның,
Шертесің қыл қобызым дала мұңын.
Жалын шашқан күйлеріңнен,
Ерлік жолын үйреніп ем.
Тілеген қазағымның амандығын.
Шыңдаған қазақ елім шаңырағын,
Баптаған тұлпарлардай саңылағын.
Асқақтаған мерейіңнен,
Ел арманын көремін мен.
Бағымды ырысыңнан танығанмын.
Жанымды самал желің тербетуде,
Зерелеп ұрпақтарың ер жетуде.
Жүректегі қуанышым,
Азабым да жұбанышым.
Бақытым байтақ елдің келбетінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу