Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  141


Автор: Исраил Сапарбай

Сен құйған шай қандай ыстық?!

Сен құйған шəй қандай ыстық?!
Қанып iштiк, қанбай iштiк.
Сен құйған шəй қандай тəттi?!
Онсыз да асау қанды ойнатты.
Сен құйған шəй қандай дəмдi?!
Шəй емес-ау, балға айналды.
Алып ұшқан құс көңiл-ай,
Шып-шып терге түскенiм-ай.
Шəйкесенi жай ұстамай
Саусағыңның майысқаны-ай.
Балғын өңiң... тал бiлегiң...
Үнiм шықпай қалды менiң...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу