Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  131


Автор: Исраил Сапарбай

Сары самауыр қайнайды бабыменен

Сары самауыр қайнайды бабыменен,
Жақсы жiгiт ойнайды жарыменен.
Жанарыңды алыстан жаудыратпай,
Жақсы көрсең шынымен жаныма кел.
Жақындашы жаныма, жай берейiн,
Жұлдыз санап,
Жүзiңнен Ай көрейiн.
Жаман-жəутiк болмаса жатырқайтын,
Жаратқанға бəрi бiр – бай, кедейдiң.
Сары самауыр, көрдiң бе, қайнағанын?
Жаныма кеп отырсаң, жайланамын.
Батқан күннен аумайды балғын жүзiң,
Атқан таңнан аумайды айқабағың.
Сен де сыңар, қарағым, мен де сыңар,
Жалғыздыққа қашанғы пенде шыдар?
Айлы түнде балауыз шамдай жанып
Аққулар да жарасып көлге шығар!
«Самауырда, – демешi, – шəй қалмады»
Жайыңды айтшы, қарағым, жайлан-дағы:
Бiр-ақ, сəт қой тұнықтың лайланбағы!
Бiр-ақ, сəт қой жiгiттiң бай болмағы!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу