Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  124


Автор: Исраил Сапарбай

Түсiмде көрдiм жалаңаш

Түсiмде көрдiм жалаңаш,
Өңiмде көрдiм жалаңаш.
Шарана кейпiң шала мас
Шайтанмен шарғи шамалас.
Түсiмде көрдiм жалаңаш,
Өңiмде көрдiм жалаңаш.
Нəп көрсе қайтем жанымды
Нəпсiнiң құрты қара бас?
Түсiмде көрдiм жалаңаш,
Өңiмде көрдiм жалаңаш.
Дарағаш күтiп тұрса да
Жалаңаш жүрген жарамас!
Түсiмде көрдiм жалаңаш,
Өңiмде көрдiм жалаңаш.
Жаманға жақсы қарамас,
Жақсыға жаман жарамас.
Түсiмде көрдiм жалаңаш,
Өңiмде көрдiм жалаңаш.
Құзғынға құрбы Құладын,
Қарғаға мекен Қарағаш…
Түсiмде көрдiм жалаңаш,
Өңiмде көрдiм жалаңаш.
Бейкүнə бикеш бейопа
Қайғыңа сенiң қарамас.
Жақында, жат та шала мас,
Жаһаның жəми жалаңаш!
Жаратқан ием, бар болсаң,
Жапанға менi ала қаш!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу