👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  127


Автор: Исраил Сапарбай

Түн. Қара қыз

Жылап жүрiп тереземдi жуған Күз,
Бу мен бұлтқа айналармыз судан бiз…
Сенi қайдам,
Қайғы кешсе қайтпекпiн
Қара түннiң құрсағынан туған Қыз?
Терезеден қараңдайды қала анау,
Мүмкiн бе оған мұңды көзбен қарамау?
Мендегi арман –
Қара түндi жамылған
Қара қыздың ақ əлемiн аралау.
Беу, Қара Қыз!
Тысы қара, iшi əппақ,,
Көлеңдейсiң көлеңкеме ұсап қап.
Қара түнде қыз қайнаған денеңдi
Бауырыма басар ма едiм құшақтап!..
Əлемiңдi ашар ма едiм үр жаңа,
Құшағыңа құлдық ұрып бiржола!
Қарағым-ай, қара көздi талдырып
Қала жаққа қарамашы мұңдана.
Қала-қаншық,
Дала-таңсық,
Сен-мұңлық.
Көк жүзiнде көшiп жүрген мен – бiр бұлт.
Көлгiрсiген дүниенiң көзiне
Неге сонша өлiп-өшiп телмiрдiк?!
Тiршiлiктiң кiрпiгiне iлiнген
Айналайын, түнге айналған түрiңнен!
Саусағыммен сипасам-ау шашыңды
Көбелектiң қанатындай дiрiлмен…
Сен шошынба!
Елiктейiн үркiнбе!
Есiңдi жи,
Еркiме көн, iркiлме.
Таң атқанша құшағыңда талықсып,
Мен де айналып кетейiншi бұл түнге!..

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы