Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  161


Автор: Исраил Сапарбай

Шəркез уға шаркесем толы бiлем

Шəркез уға шаркесем толы бiлем –
Сарғайып өң,
Барады солып iрең.
Қарайғанға ұрынып..,
Қарап жүрмей
Қашан ғана мен саған жолығып ем?!
Сағыну ма,
Бiлмеймiн, жабығу ма,
Тəнiм дертiп, шөлдедi жаным уға.
Жайымды айтып,
Көзiмнен жас парлатып
Жаратқанға бейiлмiн жалынуға.
Алма-кезек астасып уайым, налу,
Қапалану, түңiлу, қайыл қалу..,
Шара таппай қиналған кездерiмде
Шарапаттай жарылқар жайылған у.
Айта алмаймын мен сенi Перi қыз деп,
Перi қыз деп адасқан жерiмiз көп…
Сау бастағы сақинам былай тұрсын,
Сенделедi жүрегiм серiк iздеп.
Уа, дариға!
Дəргүмəн кiм едiң сен?
Жай-күйiмдi қайтедi бiле жүрсең?
Өзiң түгiл, зар болдым көлеңкеңе,
Көлеңкеңдi көрсетшi?
Тiлегiм сол!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу